Батыс Қазақстандағы бір желілік газ құбырларының сапасы сын көтермейді

767

Үкімет отырысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев еліміздегі газ жобаларына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Батыс Қазақстандағы бір желілік газ құбырларының сапасы сын көтермейді Фото: primeminister.kz

Министрдің сөзінше, 3 газ жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. 

"Қашаған кен орнында жылына 1 млрд текше метр шикі газды қайта өңдеу қуаты бар газ өңдеу зауытын салу жоспарланды. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмысы жүріп жатыр. Жобаны іске асыру 2041 жылға дейінгі кезеңде қосымша 10 млн тонна мұнай өндіруге, сондай-ақ жылына 800 млн текше метрге дейін тауарлық газ өндіруге мүмкіндік береді", – деді Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, "Мақат – Солтүстік Кавказ" және "Окарем-Бейнеу" магистральдық газ құбырлары Қазақстанның батыс өңірлеріндегі тұтынушыларды газбен жабдықтауды қамтамасыз етіп отыр. 

"Бұл газ құбырлары кеңес заманында бір желілік бағытта салынған, пайдалану ресурсын өтеп болды және диагностикалық зерттеу нәтижесі  бойынша көптеген ақау анықталды. Осыған байланысты энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірлердің газға деген өсіп келе жатқан қажеттілігі үшін газдың қосымша көлемін тасымалдау мақсатында "Мақат – Солтүстік Кавказ" магистральдық газ құбырының лупингін және "Бейнеу-Жаңаөзен" магистральдық газ құбырының 2-ші желісін салу жоспарланды", – деді энергетика министрі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу