Батыс қазақстандықтар қаржы пирамидасына 63 млн теңге салған

747

БҚО-да 3 қаржы пирамидасына 400-ден астам адам алданған, деп хабарлайды inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс қазақстандықтар қаржы пирамидасына 63 млн теңге салған

БҚО-да қаржы пирамидаларын ұйымдастырған екі адам анықталды. Орал қаласының екі тұрғыны "Лидер", "Алтын Тұмар" және "Великое Будущее" қаржы пирамидаларын ұйымдастырған. Олар "WhatsApp"-та чат ашып, 7 күн ішінде салынған қаражаттың 100%-нан асатын сыйақы алу үшін ақша салуды ұсынған. Ақшаны қолма-қол және "Kaspi Gold" картасы арқылы қабылдаған.

"Тергеу барысында бір салымшыға пайда басқа салымшылардың жарналары есебінен берілгені анықталды. Ұйымдастырушылар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған жоқ. "Лидер", "Алтын Тумар" және "Великое Будущее" қаржы пирамидаларына жалпы сомасы 63 миллион теңгеден астам 435 салымшының қаражаты тартылды. Ұйымдастырушылар 5 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу