"Батыс" өңірлік қолбасшылығында сарбаздар әскери ант берді

785

Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Бейнеу гарнизондарында осы жылдың көктемінде Қарулы күштер қатарына шақырылған 500-ден астам әскери қызметші Отан алдындағы борышына адал болуға салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды inbusiness.kz  Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Батыс" өңірлік қолбасшылығында сарбаздар әскери ант берді

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жас жауынгерлерді құттықтауға туыстары мен жақындары келді. Құрметті қонақтар ретінде ант беру рәсіміне мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және Қарулы күштердің ардагерлері шақырылды.

Соңғы екі жылда санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерге байланысты мұндай ауқымды шаралар жүргізілмеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу