"Батыс су арнасы" ЖШС табиғи монополияларды реттеу комитетін сотқа берді

841

Мекеме тексеру қорытындысымен келіспейді.  

"Батыс су арнасы" ЖШС табиғи монополияларды реттеу комитетін сотқа берді

БҚО-дағы "Батыс су арнасы" мекемесінің басынан дау кетпеді. Оған 325 млн.теңге негізсіз кірісті тұтынушыларға қайтару міндеттеліп отыр, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

"Батыс су арнасы" ЖШС-ының соңғы бес жыл ішіндегі инвестициялық бағдарламасының орындалуын тексерген табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті монополистің 2017-2019 жылдары еңбекті қорғау және техникалық қызмет ету, пайдалану шығындары бойынша міндеткерліктерін орындамағанын анықтады.

"Инвестициялық бағдарлама орындалмаған. Қайта есептелген айыппұл сомасы жүктемені қосқанда 325 млн.теңге құрайды. Департамент желімен су бергенде уақытша өтелетін тарифті қолдану арқылы 299 млн.теңге негізсіз кіріс тапқан", - дейді табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Алмас Отаров.

Алайда, монополист мекеме бұл айтылғанмен келісіп отырған жоқ. Қазіргі күні "Батыс су арнасы" ЖШС-ның табиғи монополияларды реттеу комитетін сотқа бергені белгілі болды.

"Біз әрбір жылы жұмсалған әр тиынға есеп бере аламыз. Ешқандай негізсіз шығын болған жоқ, желіні ағымдағы жөндеу, тозған желі учаскелерін қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалған қаражат, шығыс материалдарының қымбаттап отырғаны есептелмеген", - дейді "Батыс су арнасы" ЖШС бас директоры Әнуар Аркенов.

Бұған дейін судың тұрақты берілмегеніне наразы болған қала тұрғынының мекеме ғимаратының алдында қарсылық білдіріп, бір адамдық пикетке шыққанын жазған болатынбыз.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу