Батыс Украинаны 25 жыл бойы асырауы керек — Польша экономика институты

1131

Польша Экономика институтының (PIE) мамандары Украинадағы қазіргі жағдайды талдай келе бұл ел алдағы 25 жыл батыстың қолдауына мұқтаж болады деген қорытындыға келді.

Батыс Украинаны 25 жыл бойы асырауы керек — Польша экономика институты Фото: news Front

PIE зерттеуінің нәтижелері бойынша Украинадан тек ресми мәліметтер бойынша халықтың 20%-ы кеткен, деп жазады Inbusiness.kz. 

Бұл ретте елде еңбекке қабілетті азаматтардың төрттен бірінен астамы жұмыссыз қалды, ал ЖІӨ нақты мөлшерде шамамен 30%-ға төмендеді.

Институт сарапшылары Украинаның энергетикалық инфрақұрылымының жартысы жойылып, кәсіпорындардың 40%-ы өндірісті қысқартқанын, егіс алқаптары 30%-ға азайғанын мәлімдеді.

Оған қоса, инфляция 27%-ды құрады, бәрінен де көлік қызметі (42,9%) және азық-түлік (34,4%) қымбатқа түсіп отыр.

Салыстырмалы өнімділікте тек украиналық мемлекеттік сектор қалды, оның өзі 32 миллиард доллар көлеміндегі шетелдік салымдардың арқасында болып отыр.

Алайда, бұл көмек әлі де жеткіліксіз, өйткені ол қаражатты бірге санағанның өзінде 2022 жылы Украина бюджетінің тапшылығы ЖІӨ-нің 17,5%-ын құрады. 2023 жылға жасалған болжамдар да көңілге медеу болмай отыр, бюджет тапшылығы одан әрі арта түспек.

Осындай экономикалық жағдайда Киев режимінің әскери шығындары 9 есе өсті. Сонымен қатар, шетелдік инвестициялар да қысқарды.

Осының бәрін қорытындылай келе, PIE мамандары Украина экономикасын қалпына келтіру үшін кем дегенде 25 жыл керектігін және оны асырау батыс елдерінің мойнына жүк болатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу