Батысқазақстандық азамат көршілерін сайлауға автобуспен тасыды

413

Сайлау күні батысқазақстандық Оразай Саркупов көршілерін автобуспен сайлау учаскесіне апарып, алғысын алуда, деп жазады inbusiness.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.     

Батысқазақстандық азамат көршілерін сайлауға автобуспен тасыды Фото: tengrinews.kz

Нақтырақ айтқанда, Орал қаласының Деркөл кентінде тұратын көршілерін аталмыш кенттегі №48 мектепте орналасқан сайлау учаскесіне тасып жүр. 

"Біз Деркөл кентіндегі Пролетарлық көшесінде бірнеше жылдан бері тұрамыз. Кенттің қоғамдық өміріне белсене араласамыз. Президент сайлауына қатысу әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы деп есептеймін. Мұндай саяси науқаннан қалыс қалған кезім болған емес, біздің дауысымыз еліміз үшін маңызды. Мен бес бала тәрбиеледім, қазір олар ересек, өз шаңырақтары бар. Ұл-қыздарым өздері таңдаған салада еңбек етіп жүр. Бүгін көршілерімді сайлауға алып келіп, көңілді ұжыммен дауыс бердік", - деді Оразай Саркупов.

Оразай Саркупов бірнеше күн бұрын барлық көршілеріне жексенбі күні сайлауға көлік ұйымдастыратынын айтқан. Көршілері де дән риза. Өйткені бүгін шаһарда ауа-райы салқын, ал сайлау учаскесіне дейін 5 шақырым жаяу жүру керек. Осылайша игі істерге ұйытқы болып жүрген көршілер бұл жолы да өзгелерге үлгі болып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу