Батыстағы қуат жүйесін еліміздің бірыңғай ұлттық энергия жүйесімен біріктіруі тиіс – Мемлекет басшысы

Президент Ұлттық құрылтай отырысында Үкіметке екі айда "таза" көмір өндірісі бойынша Ұлттық жоба әзірлеуді тапсырғанын еске салды.  

Батыстағы қуат жүйесін еліміздің бірыңғай ұлттық энергия жүйесімен біріктіруі тиіс – Мемлекет басшысы Фото: Ақорда

Әлбетте, энергия жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін заманауи цифрлық тәсілдерді енгізу керек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Осы бағытта Қытайдың тәжірибесін ерекше атап көрсетуге болады. Олар "таза көмірден" жалпы көлемі 55 гигаватт болатын 85 энергетикалық блок салу жұмысын бастап кетті. Бұл – әлем бойынша көмірден алынатын энергия көздерінің 90 пайызы деген сөз.

Бір сөзбен, көршілес ел шын мәнінде тиімді, яғни энергетикалық қауіпсіздік және экономикалық өсім тұрғысынан пайдалы шешім қабылдап отыр. АҚШ та көмір игеру және оны пайдалану саясатына көшетін болды, – деді Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, электр қуатын үнемдеуде ЖИ-ді қолданбаса болмайды. 

– Жалпы, ұлттық электр желісінің сенімді жұмыс істеуіне баса назар аудару қажет. Үкіметке келесі жылдың соңына дейін Оңтүстіктегі электр желілерін дамыту жобаларын жүзеге асыру тапсырылады. Сондай-ақ Батыстағы қуат жүйесін еліміздің бірыңғай ұлттық энергия жүйесімен біріктіруі тиіс.

Заманауи цифрлық тәсілдерді енгізбесек, электр қуатын үнемдеу қиын, энергия жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі екіталай. Осы салада жасанды интеллект көмегімен онлайн-мониторинг жүргізуді жедел қолға алған жөн, – деді Президент. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу