Немістің "Baumann GmbH & Co" компаниясы құны 6,5 млрд теңге болатын ет өңдеу кешені құрылысын жүргізуге инвестиция салмақшы, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттініне Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кәсіпорын Іле ауданындағы "Береке" индустриялдық аймақта орын тебеді. Кешеннің қуаттылығы – айына 66 мың ұсақ мал етін өңдеу.
Baumann GmbH & Co мал сою жабдықтары, кешендік қондырғылар мен жүйелер шығаратын әлемдегі жетекші компаниялардың бірі.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        