Бауыржан Байбек автобус жүргізушілерін оқытатын орталықта болды

716

Бауыржан Байбек автобус жүргізушілерін оқытатын орталықта болды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қоғамдық көлік жүргізушілерін оқытатын Қазақстандағы алғашқы көлік мамандарының біліктілігі жөніндегі орталықтың жұмысымен танысты.

Жаңа орталықта жалпы білім беретін заманауи оқу аудиториялары, емтихан тапсыратын компьютерлік сыныптар, тренажер кабинеттері, жүргізушінің психикалық сараптамасы мен этикасы бойынша бөлме бар, сонымен қатар мұндағы мамандар жүргізушілерге алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін де үйретеді. Орталық директоры Роза Бадаева D категориялы жүргізушіге 16 маманның дәріс оқитынын айтты. Ең бастысы, мұнда қаланың негізгі тасымалдаушыларымен келісім жасалған.

Қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Айгүл Ахметова орталықта білімін жетілдіруге көлік айдап жүрген жүргізушілермен қатар сырттай ізденушілердің де қызығушылық танытып отырғанын айтты. Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 300 адамды оқыту жоспарланған. Қазір троллейбус жүргізетін 15 адам мен автобус жүргізетін 15 маман білімін жетілдіреді.

Біліктілік жөніндегі орталықта болған Алматы әкімі автопарк басшыларының назарын көлік модернизациялауға, сапалы қызмет пен қауіпсіздікке аударды.

"Жеке автопарк қожайындары барлық проблеманы мемлекетке аудара салып, жылжымалы составтарын жаңартуға асықпайды. Бензин мен дизельге жақсы бағалар болғанда бизнес қайда қарады? Олар осы ортадағы қаржыны өзге салаларға аударды, сондықтан көлеңкелі жайларға кеткен қалалықтардың ақшасына субсидия бөлмейміз", - дейді Бауыржан Байбек.

Айта кетер жайт, биыл жаз айларында да қала көлігін реформалау жұмысы одан әрі жалғасады. Бұдан өзге, қаланың автобус паркі тауға жүретін жаңа 60 көлікпен толығып, 40 эвакуатор сатып алынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу