Бауыржан Байбек қызметінен кетті

1520

Ол мемлекеттік және партиялық қызметте 20 жылдан аса уақыт еңбек еткен.

Бауыржан Байбек қызметінен кетті

Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл туралы ол Facebook-те жазды.
"...Съезде ел Президенті, Nur Otan партиясының жаңадан сайланған Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев партияны реформалау, жұмыстың әдістері мен мазмұнын жаңарту, партиялық бақылауды күшейту, қоғамдық қабылдаулардың тиімділігін арттыру, кадрлық әлеуетті нығайту, сондай-ақ жаңа формациядағы адамдарды тарту жөнінде нақты міндеттер қойды.
Nur Otan алдына жаңа көзқарастар мен тәсілдерді талап ететін мүлде жаңа міндеттер қойылды. Сондықтан мен партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа атқарып отырған қызметімнен босату туралы тиісті өтініш бердім. Бүгін менің өтінішім қанағаттандырылды", – деп жазды Бауыржан Байбек.

Ол 20 жылдан аса уақыт мемлекеттік және партиялық қызметте еңбек еткен.

"Жалпы алғанда 6 жылға жуық – Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары, 3 жылға жуық – Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымдарында, 4 жыл Алматы қаласының әкімі болып жұмыс істедім", – деді Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу