Баянауыл ауданында 24 пәтерлік баспананың құрылысы жүргізілуде

960

Баянауыл ауданында 24 пәтерлік баспананың құрылысы жүргізілуде

Баянауыл ауданының Баянауыл ауылында екі бөлмелі екі тұрғын үй және екі қабатты, 24 пәтерлік баспана бой көтеруде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  

Аудандық құрылыс, қала құрылысы және сәулет бөлімінің басшысы Сәбит Мәненовтың айтуынша, құрылысты 2017 жылдың маусым айында жергілікті кәсіпкер Хамит Мұхамедияров пен қарағандылық "КДТ-7" ЖШС қолға алған. 

Бір тұрғын үйдің жалпы аумағы 168 шаршы метрді құрайды. Бір шаршы метр алаңының құны - 79240 теңге. Екі пәтерлі тұрғын үйдің бағасы шамамен 16 миллион 312 мың теңгеден. Сапалы материалдарды ғана қолданамыз. Екі пәтерлік тұрғын үйдің іргетасы темір бетонды блоктан қаланады. Қабырғасына кірпіш пен газоблок қолданылса, төбесі қаңылтырмен жабылады. Ал, 24 пәтерлі тұрғын үйдің төртеуі – үш, төртеуі – екі, он алтысы – бір бөлмелі. Тұрғын үйдің болжамды құны – 210 миллион теңге", - дейді Сәбит Мәненов.

Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, баянауылдықтар алдағы қазан айында қоныс тойын тойлайтын болады. Бұл баспаналар бюджеттік салада және мемлекеттік қызметте істейтін тұрғындарға арналған. Бүгінгі күні Кемеңгеров көшесіндегі екі пәтерлі тұрғын үйдің ішкі қабырғалары қаланған.

"Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үй кезегіне тұрғандардың санын 373 адам құрайды. Оның 117-сі бюджеттік сала мен мемлекеттік қызметте жұмыс істейді", - дейді Сәбит Мәненов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу