Баянауылда туристерге қолайлы жағдай жасалмақ

Визит-орталық құрылып, көлдің аумағы абаттандырылады. 

Баянауылда туристерге қолайлы жағдай жасалмақ Фото: google

Жыл сайын жазғы уақытта 150 мыңнан астам турист жиналатын Баянауыл баурайында биыл және келесі жылы демалушылар үшін оңтайлы мүмкіндіктер қарастырылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Алдымен аудан орталығына кіреберіс аумақта меймандарға арналған визит-орталық пайда болады. Мұнда өлкенің тарихымен, ең қызықты туристік бағыттармен танысып, оларды аралау бойынша қызметтерді ала алатын болады.

Сондай-ақ, жергілікті биліктің назарынан тыс қалған Сабындыкөл көлінің жағалауын абаттандыруды бастау жоспарланып отыр. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов шолу алаңы ашылатын орынды қарап, жағажайды жақсарту мүмкіндіктерін зерттеді. Бұл аумақта қоғамдық тәртіптің сақталуы бақылауды болуы керек екенін де атап өтті. 

Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Айталық, аудан орталығында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталмақ. Келесі жылы Даңқ мемориалын жөндеу және ғашықтар саябағын қайта құру бойынша жұмыстар жүргізу ойда бар. Мұнда жарық шамдары орнатылып, ағаш отырғызылып, гүлзарлар салынады. Аймақ басшылығы аталған жобаларды мақұлдады. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу