Баянауылда туризмді дамытуға 3 миллиард теңгеге жуық қаражат қарастырылды

1132

Баянауылда туризмді дамытуға 3 миллиард теңгеге жуық қаражат қарастырылды

Биыл Баянауыл ауданының туристік кластерін дамытуға 3 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар облысындағы туризмді дамыту мәселелерін қаузаған брифинг барысында Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Әділхан Әбеуов айтты. Бұл сомаға Торайғыр, Сабындыкөл, Жасыбай көлдерінің аумағындағы жолдарды жөндеу, жарықтандыру жүйесін құру, жағажайды көріктендіру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, Торайғыр мен Жасыбай арасындағы жолды жөндеудің конкурсы басталып, 1 ай аралығында жаңа асфальт төселмек.

"Баянауылдағы туристік орындар саяхатшыларға Түркиядан да артық қызмет көрсетпек. Біздің аудандағы туристік әлеуетке он балдық шкала бойынша 8-9 балл қояр едім. Осы орайда Баянауылды жазғы ғана емес, қысқы демалыс аймағына айналдыру жоспарда бар. Мырзашоқыда канат жолын орнатып, биылғы қысқа дейін қолданысқа береміз. Мемлекет өз тарапынан инфрақұрылымды жүргізеді, ал инвесторлар сервистік қызметті өз мойнына алады. Сондай-ақ, Сабындыкөдің аумағын дамытуға инвесторла қажет", - деді Ә.Әбеуов.

Ә.Әбеуов Баянауылдағы туризмнің басты проблемаларын да атады. Олар – республикалық маңыздағы жолдардың жөндеу көрмеуі, инфрақұрылымның нашарлығы, қоғамдық тамақтану орындарын ұйымдастырудың кемшіліктері. Облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары Оксана Давыденконың айтуынша, Баянауылдан бөлек Тұзақала, Шалдай, Маралды көліне және Ертіс өзеніне туристерді тарту бойынша жұмыстар атқарылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу