Баянауылға аққулар оралды

1602

Баянауылға аққулар оралды

Баянауыл ауданының Қаражар ауылындағы көлге биылғы көктемде қос аққу ұшып келді. Бұл туралы агенттікке Қаражар ауылдық клубының меңгерушісі Есен Жүсүпбаев айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Киелі құстар ауылдағы шағын көлге жылда келіп қонатын, - дейді Есен Жүсүпбаев. - Сол жерде бір аптадай ауылдың үстінен айналып жүреді де жазық далаға ұя салуға ұшып кетеді. Даладағы үлкен көлдер бар. Соның маңайында күзге дейін мекендеп жүретін көрінеді. Ең бірінші ұшып келген қос аққудың ауылды айналып жүргені амандасып жатқан тәрізді. Бұл тамаша көрініс ауыл тұрғындарының көңіліне қуаныш ұялатады".

Ауыл тұрғынының айтуынша, көктем келісімен көлдің бетіне сарыала қаздар мен тырналардың жүзіп жүруі көпшілікті таң қалдыра қоймайды. Алайда киелі қанаттылардың қайта оралуын жергілікті баянауылдықтар жақсылыққа балап, бақыт әкеледі деп сенеді.

"Былтырғы жылы аққулар көрінбей кеткен", - дейді Есен Жүсүпбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу