"Баянның тойында әкесінің қазасын естіді": Валерий Меладзенің Алматыдағы концерті кейінге қалдырылды

15972

Ол өзінің қайғысын ешкімге білдірмеген.

"Баянның тойында әкесінің қазасын естіді": Валерий Меладзенің Алматыдағы концерті кейінге қалдырылды Фото: pikabu.ru

Продюсер Жан Мұқанов күні кеше Баян Мақсатқызының 50 жас мерейтойына Ресейден арнайы келген танымал әнші Валерий Меладзенің отбасында қайғылы жағдай орын алғанын жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Баян Мақсатқызының мерейтойына арналған мерекелік кеште Валерий Меладзе өнер көрсетті. Бәрі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бірақ мен бүгін ол туралы емес, әншінің кәсіби деңгейі жөнінде айтқым келіп отыр.  Тойға келіп, ән айтуына 2 сағат қалғанда Меладзе әкесінің қайтыс болғанын естіпті. Асқар тауынан айырылу кімге оңай тиер дейсің? Бірақ соған қарамастан әртіс өзінің қайғысын ешкімге білдірмей, түк болмағандай өнер көрсетіп шықты. Ол өз командасын да, тыңдармандарын да өз қайғысын айтып, шаршатқан жоқ. Тек "Чужестранец" әнін айтқан кезде көзінде мұң барын байқадым. "Бәлкім жол жүріп келіп, шаршаған шығар" деп ойлағам. Сөйтсем әкесінен айырылған екен. Валерий Меладзе, сіз мықты әртіссіз! Әкеңіздің қазасы қайырлы болсын!", – деп жазды ол.

Бұған дейін Валерий Меладзенің Алматыдағы концерттері отбасылық жағдайға байланысты кейінге шегерілгені хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу