Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,45 теңгеге арзандады, 539,06 теңге болды.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 539,46 теңгеден сатып алынады, 542,12 теңгеден сатылады. Еуро 622,53 – 627,53 теңге, ал рубль 6,54 – 6,66 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,54 теңгеден сатып алынады, 78,27 теңгеден сатылады.
Елордадағы ақша айырбастау орындарында:
– доллар 539,57 теңгеден сатып алынады, 542,69 теңгеден сатылады;
– еуро: сатып алу – 622,66 теңге, сату – 630,69 теңге;
– рубль: сатып алу – 6,55 теңге, сату – 6,70 теңге.
– юань: сатып алу – 75,68 теңге, сату – 79,62 теңге.