Базалық ставка төмендесе, инфляция күшейеді – сарапшы

271

Бұл жолғы сауалнамаға 10 ұйым қатысқан.

Базалық ставка төмендесе, инфляция күшейеді – сарапшы Фото: Inbusiness.kz

Инфляция биыл 7,5 процентке дейін төмендейді. Ұлттық банк жүргізген сауалнама қортындысы осылай болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ал, 2025 жылы инфляция 7 пайыз төңірегінде болады деген болжам айтыпты, сауалнамаға қатысқандар. Ал, мұнымен келіспейтін сарапшылардың пікірі қандай?

Бұл жолғы сауалнамаға 10 ұйым қатысқан. Ел аумағында макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен айналысатындар инфляция жақсарып, жалпы ішкі өнім тіпті, 2026 жылы 4,2 пайызға өседі деген жағымды болжам жасапты. Оған қоса, базалық мөлшерлемені Ұлттық банк биыл 13,5 ал, келесі жылы 12 пайызға түсіруі мүмкін екен. Егер осы сценарий орын алса, бизнеске кредит көп берілетін еді деп отыр сарапшылар. Тұтынушылық несие де артатынын жоққа шығармады.

"Мөлшерлеме төмендесе бизнеске көп кредит берілер еді. Екіншіден кәсіпкерлер бұрынғы несиелерін жауып, төмен пайызбен жаңасы алар еді. Бұл дегеніміз, өнідірсін жаңартып, дайын өнім көлемін көбейтеді деген сөз. Бірақ, бағаның өсетінін күтуіміз керек. Демек, инфляция да күшейеді", - дейді экономист Расул Рысмамбетов .

Инфляция демекші, бас банктің сауалнамасына қатысқандар инфляция 7,5 процент болатын шығар деген тоқтамға келіпті. Бірақ, сарапшылар болса реалисттік көзқараспен қарау керетігін айтады. 8-12 пайыз аралығында болса да жаман емес дейді. Егер базалық мөлшерлеме төмендесе, инфляцияның жеделдеуін де әсер етеді деп отыр мамандар.

"Біздің жағдайымызда әрине, базалық ставка инфляцияға әсер етеді. Ұлттық банктің о баста мөлшерлемені көтерудегі мақсаты сол еді, инфляциямен күресу. Бірақ, тұтынушылық тауарлардың көпшілігі импорттық екенін естен шығармау керек. Инфляцияға басқа да факторлар әсер ететіні тағы бар", - дейді экономист Вячеслав Додонов.

Шынында, өндірісті реттемей, бизнеске тәуелсіздік бермей уақытша ғана базалық мөлшерлемені көтеріп, инфляциямен күресіп отыратын уақыт өткен секілді. Ұлттық банк жүргізген сауалнамадағы сандар шындыққа ұласу үшін импортқа тәуелділіктен бірте-бірте арылып, отандық өндірісті дамытуға шындап кірісу керек деп түйді, сарапшылар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу