"Базарда сауда жасаймын. Онда өзімнің адамдарым жұмыс істейді. Арасында өзім де барып, қарап жүремін. Барлық тауарға өзім тапсырыс беремін. Сатып алушылар мені танып қалып, таңданып жатады", – деді ол AQYRYS SEITQAZY ютуб арнасына берген сұхбатында.
Спортшы өзінің еңбекпен айналысып жүргеніне қарамастан, кейбір адамдардың орынсыз сын айтатынын жеткізді.
"Ішіп кетсем жануарға теңейсіңдер, сауда жасасам "не боп боп қалды?" дейсіңдер. Дұрысы – спортпен не бизнеспен айналысу. Менталитет дұрыс емес сияқты", – дейді.
Айта кетейік, Жазира Жаппарқұл Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында күміс жүлдеге ие болған еді. Үлкен жеңісі үшін сол кездегі облыс әкімі оған екі бөлмелі пәтердің және Land Cruiser 200 көлігінің кілтін табыстаған.