Бейбіт Атамқұлов: Халыққа күл мөлшері төмен көмір ұсынылады

1048

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елде көмір жеткілікті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бейбіт Атамқұлов: Халыққа күл мөлшері төмен көмір ұсынылады

Министр: "Көмір жетіспеушілігі жоқ, тапшылық қолдан жасалып отыр", – деп кесімді пікір білдірді.

Оның айтуынша, біздің ел көмірдің 27%-ын ғана экспорттайды. 

"Біз көмірдің 2 түрін экспорттаймыз. Бұл – металлургиялық өңдеуге арналған жоғары агломерациялық және энергетикалық кәсіпорындар тұтынатын көмір. Ал халыққа күл мөлшері төмен көмір түрін ұсынылады", – деді Бейбіт Атамқұлов. 

Министрдің мәлімдеуінше, экспортқа құрамында күл мөлшері жоғары және орташа көмір жөнелтіледі. 

"Облыстардың өтінімі бойынша халыққа қажет көмірдің 94%-ын жөнелттік. Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда жоспарды асыра орындап отырмыз. Тапшылық қолдан жасалып отыр", – деп қорытты сөзін Бейбіт Атамқұлов 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу