Бейімбет Қанжанов Парижде өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

891

Бейімбет Қанжанов Парижде өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

Қарағандылық самбошы Бейімбет Қанжанов Париж қаласында өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды. Ол жайында Қарағанды облысының Дене шынықтыру, туризм және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 
Grand Prix de Paris de Sambo 2017 спорттық самбо бойынша "Б" класты турнирі 28 мамырда аяқталды. Аталмыш дода он жетінші рет Шарли стадионында өткізілген. Медальдар жиынтығы 27 санат бойынша ойнатылды. 
Біздің спортшымыз 2015 жылғы әлем чемпионы атанған еді, осы жолы да 52 келі салмақтық категорияда "алтын" алып, бірінші орыннан көрінді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу