Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральды газ құбырының екінші желісін салатын мердігерлер анықталды

287

Дереккөздің мәліметінше, аталған жұмысқа 3 компания жауапты болмақ.  

Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральды газ құбырының екінші желісін салатын мердігерлер анықталды Фото: qazaqgaz.kz

Бұл туралы PetroCouncil.kz телеграмм арнасы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жұмыстар үш компания арасында бөлінді: ЭХЗ (бір лот), МСС (екі лот) және "КазСтройСервис" (KSS). Сарапшылардың айтуынша, мұндай ауқымды құбыр жобаларын жүзеге асыруда ең көп тәжірибеге ие компания – KSS.

Жобаны "ББШ-2" ЖШС (Beineu–Bozoi–Shymkent 2 Ltd.) жүзеге асырады. Бұл – QazaqGaz бен UCC Holding-тің бірлескен кәсіпорны. Жоба газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейтуге, өткізу қабілетін арттыруға және елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

Газ құбырының жалпы ұзындығы 1452 шақырымды құрайды. Құрылыс шамамен 360 шақырымнан тұратын төрт лотқа бөлінген. Жұмыстарды аяқтау 2026 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

Жобаның жалпы құны 1 миллиард АҚШ долларынан асады. Газ құбырының екінші желісін салу Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін дамыту үшін стратегиялық маңызға ие және халықаралық келісімдер аясында жүзеге асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу