"Бейнеу" газ өлшеу станциясы іске қосылды

620

"ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясы Маңғыстау облысындағы "Бейнеу" газ өлшеу станциясының құрылысын аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бейнеу" газ өлшеу станциясы іске қосылды

Жаңа "Бейнеу" газ өлшеу станциясы технологиялық схемаға сәйкес, "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралдық газ құбырының нөлдік километрінде орналасқан. Станциядағы газдың жобалық қысымы 7,4 МПа (74 кгс/см2) құрайды.

Станция қондырғыға жеткізілетін газды тазартуға мүмкіндік береді. Одан кейін ол шығу коллекторы арқылы "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырына ағатын болады.

"Бейнеу-Бозой-Шымкент Газ құбыры" ЖШС Бас директорының орынбасары Мұқан Сәдуақасовтың айтуынша, станция құрылысы даланың шалғай учаскесінде жүргізілген және оны жүргізу оңайға түспеді.

"Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралдық газ құбыры осы жерден бастау алады. Бұл магистраль бұрын жұмыс істеп тұрған барлық газ тасымалдау құбырларын бір желіге біріктірді. Еліміздің оңтүстік өңірлеріне табиғи газды кепілді түрде тұрақты жеткізуді, сондай-ақ Қытай бағытында газды экспортқа шығаруды толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берді", – деп атап өтті Мұқан Сәдуақасов.

"Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының іске қосылуымен оңтүстік өңірлердегі тұрғындар газ тапшылығы дегенді ұмытты. Қазір белсенді газдандыру жүріп жатқан елордасы Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалалары да осы газ құбырынан көгілдір отын алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу