Бейресми жұмыспен қамтылғандар саны 400 мың адамға қысқарды

761

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов соңғы 4 жылда "Еңбек" бағдарламасы бойынша 1,4 млн адам  тұрақты жұмысқа орналастырылғанын айтты.  

Бейресми жұмыспен қамтылғандар саны 400 мың адамға қысқарды

Министрдің мәлімдеуінше, бейресми жұмыспен қамтылғандар саны 400 мың адамға қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде сақталған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Серік Шәпкеновтің сөзінше, жұмыспен қамтудың жалған фактілерімен күресу үшін мамыр айынан бастап жұмыссыз ретінде тіркелу, бюджеттік несие алуға өтінім беру және өзге де қызметтер электрондық еңбек биржасы арқылы онлайн форматта көрсетіледі. Ал азаматтардың еңбек мобильділігіне ықпал ету үшін көшуге берілетін субсидия мөлшері 35-тен 70 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Қанат Махамбет

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу