Бейжің-2022: Команда мүшесінен коронавирус анықталған құрамалар ойыннан шеттетілмейді

1079

Бейжің Олимпиадасында команда мүшелері коронавирус жұқтырған жағдайда, құрамалар Олимпиададан шеттетілмейді. Бұл туралы Халықаралық Олимпиадалық комитет мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Бейжің-2022: Команда мүшесінен коронавирус анықталған құрамалар ойыннан шеттетілмейді

Егер Олимпиада кезінде спортшыдан коронавирус табылса, ол ауруханада немесе изоляторда оқшауланады. Олимпиада кезінде оқшаулағыштан шығу үшін 24 сағат көлемінде коронавирусқа тапсырылған екі тест теріс нәтиже көрсетуі керек. Сондай-ақ, үш күн қатарынан дене температуасы қалыпты жағдайда болып, коронавирус белгілері байқалмауға тиіс. 

Осы орайда, коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған команданың өзге мүшелері ковид хаттамаларын сақтау арқылы жарысты жалғастыра береді. 

Науқаспен жақын байланыста болғандар коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесі теріс шыққан жағдайда карантин шараларын сақтап, үнемі бетперде тағып, тамақты жалғыз өзі ішіп, өзгелерден 2 метр алшақ жүреді. Сонымен қатар, күніне үш рет дене қызуын өлшеп, жарыс басталуына 12 және 6 сағат қалғанда ПТР тест тапсырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу