Бейжіңде Путин мен Си Цзиньпин кездесті

1028

Олар бірқатар құжатқа қол қоймақ.

Бейжіңде Путин мен Си Цзиньпин кездесті

4 қаңтарда Қытай астанасы Бейжің қаласында Ресей президенті Владимир Путин ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Басқосу барысында олар Мәскеу мен Бейжің арасындағы қарым-қатынастың бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге жеткенін мәлімдеді. 

Путиннің айтуынша, Қытай мен Ресей бір-біріне қолдау көрсетуін алдағы уақытта да жалғастыра береді. Ол сондай-ақ ресейлік және қытайлық спортшылардың Олимпиада ойындарында лайықты өнер көрсететініне сенім білдірді.

Қытай басшысы Си Цзиньпин Мәскеу мен Бейжің арасындағы саяси және стратегиялық ынтымақтастықтың нығайып жатқанын, тараптар өздерінің негізгі мүдделерін қорғауға бірлесе күш салатынын атап өтті.

"Тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамыту үшін бірлесе жұмыс істейді", – деді ол.

Қос басшының келіссөздері Бейжіңде өтіп жатыр. Путин – пандемия басталғалы Си Цзиньпин бетпе-бет кездесіп отырған алғашқы саясаткер. Кездесу барысында олар бірқатар құжатқа қол қояды.

Табиғат Нұрболат

Фото: kremlin.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу