Бейжіңде Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған кеш өтті

368

​Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығында ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай "Жамбыл – ғасыр ақыны" атты әдеби-мәдени кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Бейжіңде Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған кеш өтті Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Шараға Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов, Жамбыл Жабаевтың немересі, ақын атындағы әдеби-мемориалдық музейдің директоры Салтанат Жамбылова, қытайлық жазушы әрі аудармашы Акбар Мәжит, Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің дипломаттары қатысты. Сондай-ақ кешке Қытайдың шығармашылық, ғылыми және іскерлік қауымдастықтарының өкілдері жиналды.

Келушілер назарына ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы көрме ұсынылды. Экспозициядан Жамбылдың кітаптары мен фотосуреттері, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындылары, сондай-ақ этнографиялық жәдігерлер орын алды.

Мерекелік бағдарлама "Жамбыл – ғасыр ақыны" концертімен жалғасты. Кеш барысында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының өнерпаздары өнер көрсетіп, көрерменге музыкалық тарту жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу