"Бек Эйрден" билет шығынын ала алмай жүргендер көп

644

Іс сотқа жетті.

"Бек Эйрден" билет шығынын ала алмай жүргендер көп

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті әуе компаниясының қызметі тоқтатылғанға дейін билет алып қойған азаматтардың шағымын әлі қабылдап жатыр. Бұған дейін сот комитеттің талабын дұрыс деп шешкен болатын. Осы шешім негізінде мемлекеттік орган "БекЭйр" билеттерін сатып алған азаматтардың шағымдарын қабылдай бастады. 

"17 маусымнан бүгінге дейін тұтынушылардан 20 шағым түсті.
Комитет қазақстандық тұтынушылардың құқығын толықтай қорғайды.  Қазір Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында "Бек Эйр" әуе компаниясына қатысты екінші соттың ісіне материалдар қабылданып жатыр", – деп жазады Сауда және инеграция министрлігінің баспасөз қызметі. 

Билет шығынын өтеп алғысы келген адамдар  Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне анықтама жіберу керек. Оның үлгісін мына сайтта жүктеп алуға болады: https://beta.egov.kz/memleket/entities/mti-kzpp/documents/details/12756?lang=ru. 
Өтініштер төмендегі электронды мекенжайлар бойынша қабылданады:
- https://egov.kz/cms/ru/services/citizen_and_the_government/e_app
  - телеграмм-бот: kzpp_bot.
Өтінішпен бірге мынадай құжаттарды қоса тіркеу керек:
  - жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлік, төлқұжат, туу туралы куәлік);
  - төлемді растайтын құжаттардың көшірмелері (фискалды түбіртегі және т.б.);
  - билеттің көшірмесі;
  - өтініш берушінің банктік деректемелері туралы мәліметтер (банктен алынған анықтама);
  - осы мәселе бойынша "Бек Эйр" компаниясымен бұрын байланысқанын растайтын құжаттар (көшірмелер, скриншоттар және т.б.).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу