Бектенов әкімдіктерге өңірлерде кәсіпкерліктің өсуіне жағдай жасауды тапсырды

150

Моноқалаларға бұл тәсілдің тиімді екеніне Саран қаласы үлгі.

Бектенов әкімдіктерге өңірлерде кәсіпкерліктің өсуіне жағдай жасауды тапсырды Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов әкімдіктерге өңірлерде кәсіпкерліктің өсуіне жағдай жасауды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Моноқалаларға бұл тәсілдің тиімді екеніне Саран қаласы үлгі.

"Саран қаласы айтарлықтай түрленді. Даму көрсеткіштері жоғарылады", – деді Олжас Бектенов.

Премьер-Министр кәсіпкерлік әлеуетті арттыру бойынша қабылданған шаралар қаланың дамуына жаңа серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы тұрғындардың әл-ауқатының артуына оң әсер еткенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу