Тарифтік саясат болжамды әрі инфляцияның мақсатты көрсеткіштеріне сәйкес келуге тиіс екендігіне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Тарифтік саясат болжамды әрі инфляцияның мақсатты көрсеткіштеріне сәйкес келуге тиіс. Ұлттық экономика, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктері тарифтер мен бензин бағасына мораторийдің аяқталуына байланысты олардың инфляция деңгейіне үлесін жоғарылатпау үшін шаралар қабылдауы қажет", – деді Үкімет басшысы.
Үкімет басшысы нарықтарды жүйелі түрде демонополизациялап, азық-түлік, отын, көлік және коммуналдық қызмет нарықтарында монополияға қарсы бақылауды күшейту керектігін баса айтты.
"Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және салалық мемлекеттік органдармен бірге аталған бағытта бірлескен жұмысты жалғастыруы қажет", – деді Олжас Бектенов.