Беларусь 1 қаңтардан бастап мұнай және мұнай өнімдерінің экспорттық баж салығын төмендетеді

885

Беларусь 1 қаңтардан бастап мұнай және мұнай өнімдерінің экспорттық баж салығын төмендетеді

Беларусь 2017 жылдың  1 қаңтарынан бастап  Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан тысқары жерлерден тасымалданатын мұнай және мұнай өнімдері экспортына салықты төмендетеді. Бұл шешім Министрлер кеңесінің 2016 жылғы  28 желтоқсандағы №1095 қаулысында айтылған, деп жазады үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Белта.

Шикі мұнайға экспорттық баж салығының мөлшерлемесі тоннасына 90,4 доллардан  79,1 долларға төмендейді.  Ал тікелей айдалатын бензиннің  баж салығы тоннасына 64,1 доллардан 43,5 долларға, тауарлық бензин – 55,1 доллардан  23,7 долларға дейін төмендетіледі. Ал жеңіл, орташа дистилляттардың баж салығы  тоннасына 23,7 долларды құрайды (бұрын 36,1 долларды болды).  Дәл осындай мөлшерлеме көлемі дизель отыны, бензолға да бекітілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу