Беларусь парламентшілері мемлекеттік сатқындық үшін шенеуніктерге өлім жазасын енгізуге дауыс берді

457

Сонымен қатар, жаңа заңда бейбітшілікке, адамзат қауіпсіздігіне, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар жасағаны үшін айыппұл түрінде жаза қолдану мүмкіндігі енгізіледі. 

Беларусь парламентшілері мемлекеттік сатқындық үшін шенеуніктерге өлім жазасын енгізуге дауыс берді Фото: DW

Беларусь Ұлттық жиналысының Өкілдер Палатасының депутаттары мемлекетке опасыздық жасағаны үшін шенеуніктерге өлім жазасын енгізуді көздейтін заңды мақұлдады.

"Мемлекеттік қызметті атқаратын лауазымды адамдар мен 356-бапта көзделген "мемлекетке опасыздық" қылмыс жасағаны үшін әскери қызметші мәртебесі қолданылатын адамдарға өлім жазасы түріндегі айрықша жаза қолдану мүмкіндігі көзделеді", - делінген Парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметі хабарламасында Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Александр Дубов мәлімдемесіне сілтеме жасалып.

Бұдан басқа, заңда бейбітшілікке, адамзат қауіпсіздігіне, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар жасағаны үшін айыппұл түрінде жаза қолдану мүмкіндігі енгізіледі. Онда тыңшылық, мемлекеттік сатқындық мен басқа да бірқатар мемлекетке қарсы қылмыстарға күдіктілерді ұстау мерзімін 10 тәулікке дейін, ал айып тағу мерзімін ұстау сәтінен бастап 20 тәулікке дейін ұлғайту көзделген.

Республика Кеңесі (Жоғарғы палата) мақұлдағаннан кейін құжат ел Президенті Александр Лукашенконың қолына түседі деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу