Беларусь пен Ресей шетелден аударылатын ақшаға бақылауды күшейтеді

292

Минск пен Мәскеу екі елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған деп танылған шетелден келетін барлық ақша ағындарын бақылауға алмақ.  

Беларусь пен Ресей шетелден аударылатын ақшаға бақылауды күшейтеді Фото: gazeta.uz

Бұл туралы Беларусь елінің мемлекеттік бақылау комитетінің басшысы Василий Герасимов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Герасимов сайлау қарсаңында елдегі жағдайды тұрақсыздандыру әрекеттерін шетелден қаржыландыру жолдарын қадағалауды қалай жүзеге асыратынын айтып берді.

"Бұл жұмыс қазірден іске қосылды. Жоспар да құрылды. 2020 жылы қолданып қалуға тырысқан арналардың біразы жабылды", - деді шенеунік.

Оның айтуынша, көптеген шетелдік әріптестер басқа елден заңсыз қаржыландыру арналарының жолын кесу тәжірибесімен бөлісуді сұраған. Сонымен қатар, Герасимов қазір ақша жіберудің басқа жолдары анықталғанын жеткізді.

"Қолма-қол ақшасыз төлемдер аз қолданылады, өйткені желі барлық операцияларды көрсетіп тұрады. Кейбіреуі криптовалюта анонимді деп ойлап, осы жолды пайдаланады", - деп атап өтті Герасимов.

Алайда Минск бұл төлемдерді де бақылай алатындарын алға тартты.

"Жақын арада Ресей Федерациясымен бірге бақылауды одан әрі күшейтеміз", - деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу