Беларусь пен Ресейге Азия ойындарына қатысуға ұсыныс жасалды

875

Беларусь пен Ресей осы жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін Азия ойындарына қатыса мүмкін.  

Беларусь пен Ресейге Азия ойындарына қатысуға ұсыныс жасалды Фото: cdn.tvc.ru

Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) тиісті ұсыныс жасады, деп жазады inbusiness.kz.

"АОК спорттың біріктіруші күшіне сенеді және барлық спортшылар, ұлтына немесе төлқұжатына қарамастан, жарысқа қатыса алуы керек. АОК осы аймақтағы жарыстарға, соның ішінде Азия ойындарында ресейлік, беларусьтік спортшыларға өнер көрсетуді ұсынды", — делінген хабарламада.

АОК әзірге әліптің артын бағуға мәжбүр, өйткені "ХОК халықаралық федерациялармен ресейлік және беларусьтік спортшылардың қатаң шектеулермен жарыстарға оралу жолдарын қарастыруды жалғастыруда".

Украинаға Ресейдің шабуылы басталғалы бері Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2022 жылдың ақпан айының соңында белорустар мен ресейліктердің халықаралық жарыстарға қатысуына жол бермеуді ұсынғанын еске саламыз. Осыған байланысты Беларусь пен Ресей Федерациясының спортшылары негізгі әлемдік спорттық іс-шаралардан шектетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу