Беларусь Президенті ШЫҰ даму банкін құруды қолдады

259

Бүгін Бішкекте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті.  

Беларусь Президенті ШЫҰ даму банкін құруды қолдады Фото: president.by

Александр Лукашенконың айтуынша, мұндай банк ұйым елдері арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтып, өңірдің қаржылық егемендігін күшейтуге мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz сайты "Интерфаксқа" сілтеме жасап. 

Александр Лукашенко ШЫҰ аясындағы бірлескен экономикалық бастамалар нақты нәтиже беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруы керек екенін атап өтті. Беларусь басшысы ұйым елдері арасындағы есеп айырысуда ұлттық валюталардың үлесін арттыруды да қолдады.

Оның пікірінше, бұл төлем жүйелерін сыртқы сын-қатерлерден қорғауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Лукашенко ШЫҰ-ның бірыңғай, ашық әрі қауіпсіз цифрлық кеңістігін тезірек құруды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу