Беларусь президентінің дәрігері ұсталды

793

Беларусьте пара алды деген күдікпен 35 дәрігер-ортопед қамауға алынды. Оның ішінде Президент Александр Лукашенконы емдеп жүрген дәрігер де бар, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Беларусь президентінің дәрігері ұсталды

Беларусь президентінің айтуынша, күдіктілер мейрамханаларда ірі көлемде пара алған. Ақша конвертке салынып берілген. Тіпті, кейбір дәрігерлердің үйін тінту кезінде 300-650 мың еуро табылған.

"Олар операциялық үстелде жатқан адамдардың денесіне қандай импортталған ортопедиялық бөлшектерді салу керегін айтып қана қоймай, сол қызметі үшін шетелдіктерден пара алды. Кейбіреуінің үйін тінту кезінде 300 мың, тінту 650 мың еуро табылды", – деді Александр Лукашенко.

"Олардың арасында "президент дәрігерінің" болғаны өкінішті. Мен бұған өкініп отырмын. Заңның аты заң, оның алдында барлығы тең", – деді Беларусь басшысы.

Ол бұл қылмыстық іс бірнеше жыл бұрын басталғанын, жеке бақылауында болғанын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу