Беларусь ШЫҰ-ға кіру туралы меморандумды ратификациялады

209

Аталмыш ел ШЫҰ шеңберінде қабылданған халықаралық шарттар мен құжаттардың ережелерін сақтауға міндеттенеді. 

Беларусь ШЫҰ-ға кіру туралы меморандумды ратификациялады Фото: БЕЛТА

Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет мәртебесін алу бойынша республиканың міндеттемелері туралы меморандумды ратификациялады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Белта агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар, Беларусь Республикасының 2023 жылғы 27 қарашадағы №313-3 Заңы бойынша, Ұлттық құқықтық интернет-порталда ресми түрде жарияланды. Бұл оған мемлекет басшысының қол қойғанын көрсетеді.

Айта кетсек, заң жобасын Өкілдер палатасы 2023 жылы 1 қарашада қабылдап, 2023 жылы 22 қарашада Республика Кеңесімен мақұлданды.

Ал Министрлер Кеңесіне Беларусьтің меморандумға қатысуын ресімдеу үшін қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Атап айтқанда, Беларусь 2002 жылғы 7 маусымдағы ШЫҰ Хартиясының мақсаттары мен қағидаттарын, 2007 жылғы 16 тамыздағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді тату көршілігі, достығы мен ынтымақтастығы туралы шарттың ережелерін, сондай-ақ, ШЫҰ шеңберінде қабылданған халықаралық шарттар мен құжаттарды сақтауға міндеттенеді.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта ШЫҰ-ға Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу