Беларусь СІМ: Біздің елде қиын-қыстау заман орнаса, одан ешкімге пайда болмасы сөзсіз

513

Мәскеу мен Киев арасындағы бейбіт келісімдерге қол жеткізілген жағдайда, Беларусь еліне нақты қауіпсіздік кепілдіктері қажет болады. 

Беларусь СІМ: Біздің елде қиын-қыстау заман орнаса, одан ешкімге пайда болмасы сөзсіз

Бұл туралы бүгін, 27 қыркүйекте Беларусь СІМ басшысы Владимир Макей мәлімдеді.

"Егер қандай да бір уағдаластыққа қол жеткізілсе, онда біз оның мәнін, тараптардың әрқайсысы қандай кепілдік алатынын түсінгіміз келеді. Біз бұл кепілдіктерден тыс қалғымыз келмейді... Беларусь үшін нақты, белгілі бір қауіпсіздік кепілдіктерін алғымыз келеді. Екі ел арасында тұрғаннан кейін біздің талабымыз орынды", - деді ол.

Оның айтуынша, Минск аталмыш аймақтың бейбітшілікте өмір сүруіне мүдделі әрі бұл өзара келісім республикаға мемлекет пен қоғамның тұрақты саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Біз келіссөздер процесі жүріп жатқан наурыз-сәуір айларында Беларуссия да қорытынды келісімдерге қатысуы керек деп айтқан болатынбыз", - деді Макей.

Сонымен бірге, Беларусь СІМ басшысы егер Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздер жалғасып жатса, қорытынды құжатта барлық жағдай, ең алдымен тараптардың әрқайсысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты тұстары егжей-тегжейлі жазылатын еді.

"Еуропаның орталығында орналасқан Беларуссиясыз, бұл аймақта толық және абсолютті қауіпсіздікке қол жеткізу мүмкін емес. Егер біздің елде қиын-қыстау заман орнаса, одан ешкімге пайда болмасы сөзсіз", — деді Беларусь Сыртқы істер министрі.

Динара Мұрат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу