Беларусь СІМ: Лукашенко ЕАЭО Кедендік кодексіне қол қойған жоқ

935

Беларусь СІМ: Лукашенко ЕАЭО Кедендік кодексіне қол қойған жоқ

Беларусь президенті Александр Лукашенко Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексіне қол қойған жоқ, тек жобасын ғана қолдады, деп мәлімдеді ақпарат басқармасының басшысы, Беларусь СІМ баспасөз хатшысы Дмитрий Мирончик.

Жоба келіссөздерге негіз ретінде алынды, оны Беларусьтің мемлекеттік кедендік комитеті жүргізетін болады. Лукашенко МКК-ке қажет болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берді. Сонымен қатар, жоба аясында мәмілеге қол жетсе, келісімге қол қоюды тапсырды.

"Бірқатар БАҚ бұл жаңалықты дұрыс жеткізген жоқ. Кедендік кодекске емес, келіссөздер жүргізу туралы жарлыққа қол қойылды", — деп Мирончиктің сөзін дәйек ретінде келтіреді Sputnik Беларусь. 

Мирончиктің сөзіне сүйенсек, келісімнің жобасы жөнінде негізгі мәселелер алдын ала реттеледі, бірақ қол қойылғанға дейін өзгерістер енгізілуі мүмкін. Беларусь Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Санкт-Петерборда өткен отырысына қатысқан жоқ. Сол отырыста Кедендік кодекске қол қойылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу