Беларусь уәде еткен трамвайларын кешіктіріп жатыр

749

Беларусь уәде еткен трамвайларын кешіктіріп жатыр

Бүгінгі таңда Павлодар қаласына уәде етілген 23 трамвайдың сегізі ғана келді. Жуық арада тағы екі вагон жеткізіледі. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Трамвай басқармасы" АҚ-ның баспасөз хатшысы Тимофей Голев айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Келісім бойыша Минск қаласында 23 трамвай жасалу керек, оның сегізі облыс орталығына жеткізіліп, жұмыс істеуде, - деді Тимофей Голев. – Екеуі - жолда. Осы 10 вагонмен келісімнің бірінші кезеңі аяқталады. Қалған вагондар жазда шілде айында Павлодарға келу керек".

Еске салайық, Беларусь елінде жасалған трамвайлар Павлодарға желтоқсан айында келуі керек еді. Алайда, Псков қаласындағы қозғалтышты шығаратын зауыт жоспарланған уақытта өз жұмысын аяқтай алмады. Осыған дейін облыс әкімі жаңа трамвайлар Жаңа жылға дейін жеткізілуге тиіс екенін айтқан болатын.

"Биыл Ресейде футболдан әлем чемпионатының өтетінін білесіздер. Осыған орай көрші мемлекет билігі ел ішіндегі трамвайларды жаңарту үшін Псков зауытына тапсырма берген. Белоруссиялық трамвайлардың қозғалтқыштары тек сол кәсіпорында жасалады. Сол себепті, біз әлі де өз кезегімізді күтумен қалдық", - деді аймақ басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу