Беларусьте мұнай өндеу зауыттарының бірі жұмысын тоқтатады

485

Беларусьте Мозыр мұнай өңдеу зауыты барлық дерлік өндірістік нысандарының жұмысын тоқтатуға дайындалып жатыр.  

Беларусьте мұнай өндеу зауыттарының бірі жұмысын тоқтатады Фото: sputnik.by

Бұл туралы МӨЗ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Зауыт барлық дерлік өндіріс орындарының жұмысын тоқтатуды қарастыратын ірі жөндеу науқанына дайындалуда. Кәсіпорын басшылығы цехтар мен өндірістердің бастықтарын күрделі жөндеу кезінде мердігерлік ұйымдардың жұмысын тұрақты бақылауға міндеттейді әрі орындалатын жұмыстардың сапасына ерекше назар аударылады", - делінген хабарламада.

Әзңрге кәсіпорын "көмірсутек шикізатының жоспарлы көлемін игере отырып, қалыпты технологиялық режимде жұмысын жалғастыруда" деп атап өтілді.

Беларусьте екі МӨЗ жұмыс істейді - Мозыр мен Новополоцк қаласында. Қазіргі уақытта Мозыр кәсіпорнында жаңғырту жүріп жатыр. Жобаны 2021 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланған болатын, бірақ әртүрлі себептермен бірнеше рет кейінге қалдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу