Беларусьтен әкелінген сиыр еті мен Шешенстаннан жеткізілген кебек Қазақстан арқылы өткізілмеді

349

Батыс Қазақстан облысындағы "Сырым" ветеринарлық бекетінде 107 тонна бақылаудағы жүк ұсталды.  

Беларусьтен әкелінген сиыр еті мен Шешенстаннан жеткізілген кебек Қазақстан арқылы өткізілмеді Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Алғашқы жағдайда инспекторлар Шешенстаннан Түркістан облысы мен Шымкентке бағытталған 88 тонна бидай кебегін тоқтатты. Тексеру барысында өнімге ветеринарлық құжаттар мен таңбалау қойылмағаны, сондай-ақ қажетті термиялық өңдеуден өтпегені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Екінші жағдайда Беларусьтің Минск облысынан Ташкентке транзитпен жеткізілмек болған 19 тонна сүйексіз сиыр еті мен ет өнімдері ұсталды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің түсіндіруінше, 2026 жылғы 24 ақпаннан бастап Ресейдің кейбір аймақтары арқылы мұндай өнімдерді әкелуге және транзиттеуге уақытша шектеулер енгізілген. Бұл шаралар эпизоотикалық жағдайға байланысты қабылданған.

Барлық 107 тонна жүк кері қайтарылды. Тасымалдаушыларға қатысты ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Жыл басынан бері "Сырым" бекетінде 230 заңбұзушылық анықталып, сонша көлік кері қайтарылған. 100 әкімшілік хаттама жасалып, айыппұлдың жалпы көлемі 8,9 млн теңгеге жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу