Белгілі әнші Гүлзира Бөкейхан дүниеден өтті

161

Бұл туралы Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Белгілі әнші Гүлзира Бөкейхан дүниеден өтті Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Гүлзира Бөкейхан 1969 жылы Қытай Халық Республикасының Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданындағы Алтай өңірінде дүниеге келген. Өнерге бала кезінен жақын болған ол вокал саласында өзіндік орындаушылық мәнерімен танылып, кәсіби сахнада ерекше қолтаңбасын қалыптастырды.

Әншілік жолын 1983 жылы Іле облыстық өнер колледжінде бастаған. 1986 жылы аталған оқу орнын тәмамдап, Іле облыстық Қазақ ән-би театрында еңбек етті. 1988–1993 жылдары Бейжің ұлттық университетінің музыка факультетінде вокал мамандығы бойынша білім алып, жоғары оқу орнын бітірді.

1999 жылы тарихи отанына оралып, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аспирантурасына қабылданды. Мұнда КСРО халық әртісі Роза Жаманованың жетекшілігімен кәсіби шеберлігін шыңдап, 2001 жылы оқуын аяқтады.

Кейінгі жылдары елордада қызмет атқарып, Астана мемлекеттік филармониясы мен Президенттік мәдениет орталығында әнші болды. Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты атанған өнер иесі қазақ вокал мектебінің дамуына зор үлес қосып, жас буын орындаушыларға тағылымды тәлім берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу