Белгілі боксшы Ангелина Лукас полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді

330

Жамбыл облысында учаскелік полиция инспекторы Ангелина Лукасқа және оның отбасына құқықтық сипаттағы мәселеге байланысты жедел көмек көрсетті.

 Белгілі боксшы Ангелина Лукас полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді Фото: бейнежазбадан

Отбасылық кәсіпке қатысты құқыққа қайшы жағдайлар туындап, әкесінің денсаулығы нашарлаған спортшы полиция бөліміне жүгінген, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тәртіп сақшылары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес дер кезінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мәселе бейбіт әрі заңды жолмен шешімін тапты.

Көрсетілген жеделдік, кәсібилік және жанашырлық үшін боксшы полиция қызметкерлеріне әлеуметтік желі арқылы алғыс білдіріп, олардың азаматтарға әрдайым көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу