Белгісіз адамдар Оқу-ағарту министрлігінің атынан үй аралаған

248

Ақпараттың дұрыстығын тек ресми дереккөздер арқылы тексеру ұсынылды.

Белгісіз адамдар Оқу-ағарту министрлігінің атынан үй аралаған Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі министрлік атынан үй аралаған белгісіз адамдарға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желілерде өздерін Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері ретінде таныстырған белгісіз адамдардың үйлерді аралап жүргендігі туралы хабарламалар мен видеолар тарап жатыр. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі ресми түрде министрлік қызметкерлері үй аралап, жеке деректер немесе басқа да ақпарат жинамайтынын мәлімдейді.

"Өзін министрлік атынан келдік деп таныстырып, құжаттар мен деректер талап еткен немесе үйге кірмек болған адамдардың министрлікке қатысы жоқ және олардың алаяқтар болуы мүмкін екенін ескертеміз", – деп хабарлады министрлік.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл адамдардың заңсыз әрекеттері үшін министрлік жауапты емес. 

"Қырағылық танытып, мұндай жағдай орын алса, дереу құқық қорғау органдарына хабарласуларыңызды сұраймыз. Ақпараттың дұрыстығын тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіздер", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу