Бельгия Газаға әуе арқылы гуманитарлық көмек жеткізеді

382

Бельгия үкіметі келесі аптада Газа секторына гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бельгия Газаға әуе арқылы гуманитарлық көмек жеткізеді Фото: gorodche.ru

Бұл ретте Палестина халқына жалпы құны 500 мың еуроны құрайтын жүк әскери ұшақтардан әуеден түсіріледі.

Премьер-министр Александр Де Крооның айтуынша, Бельгияның көмегі жалпы құны 100 мың еуро болатын азық-түлік өнімдері мен 400 мың еуроға жуық медициналық құрал-жабдықтардан тұрады.

Гуманитарлық көмекті әуе арқылы жіберу шешімі Газаға шекаралық өткелдер арқылы жүк тасымалдаудың қиындығына байланысты қабылданды.

Бельгияның A400M ұшағы Иорданияға ұшады. Жүк бір апта ішінде Газа секторына жеткізіледі. Осы мақсатта иорданиялықтармен әуе операциясының практикалық жағын талқылау және талдау үшін елге Қорғаныс министрлігінен бір топ жіберілді.

Бұған дейін Франция мен Нидерланды да Иорданиямен бірге осындай операциялар жүргізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу