Бельгияда енді 16 жастан бастап дауыс беруге болады

412

Бұл туралы елдің ІІМ түсініктеме берді.

Бельгияда енді 16 жастан бастап дауыс беруге болады Фото: Ашық дереккөзден

Бельгия тұрғындарына 16 жасынан бастап Еуропарламент сайлауында дауыс беруге рұқсат етілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Бельгия билігі Еуропалық парламент сайлауына қатысушылардың ең төменгі жасын 16-ға дейін төмендетті. Осылайша, ЕО-дағы Мальта, Германия және Австриядан кейін бұл бастаманы қолдаған төртінші ел деп танылды.

"Жас шегін төмендету арқылы біз нақты сигнал жібереміз. Біз сіздің дауыстарыңызды да, пікірлеріңізді де ескергіміз келеді", - дейді Ішкі істер министрі Аннелиз Верлинден.

Осылайша, 280 000-ға жуық жас бельгиялық келесі жылы Еуропалық деңгейде өз сөзін айтуға мүмкіндік алды. Бірақ сайлаушылар тізіміне автоматты түрде кіретін ересек азаматтардан айырмашылығы, дауыс бергісі келетін кәмелетке толмағандар алдын-ала тіркелуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу