Бельгиялық компания қызметкерлерінің денесіне чип орналастырды

883

Бельгиялық компания қызметкерлерінің денесіне чип орналастырды

Сандық маркетингпен шұғылданатын бельгиялық Newfusion компаниясы өз қызметкерлерінің терісі астына электронды чип енгізіп қойды. Қызметкерлер оның көмегімен кеңсе есіктерін ашып, компьютермен жұмыс істей алады, деп жазады РИА-Новости.

Soir газетінің жазуынша, тері астындағы жеке мәліметтерден тұратын электронды "кілт" бейждердің орнын басып отыр. Чиптың көлемі күріш дәнінен үлкен емес, құны 100 еуроны құрайды.

Аталмыш тәжірибе Бельгияда алғаш рет қолданылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу