Бельгиялық журналист Қазақстанның туризм елшісі атанды

78

Бұл туралы "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы мәлім етті.

Бельгиялық журналист Қазақстанның туризм елшісі атанды Фото: Kazakh Tourism

Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінде "Қазақстан Республикасының туризм елшісі" құрметті миссиясы табысталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Роман Василенко "Kazakh Tourism" компаниясы атынан "ҚР туризм елшісі" құрметті миссиясын журналист Дерья Сойсалға тапсырды. Медиа өкілі халықаралық басылымдармен белсенді ынтымақтасып, еуропалық оқырмандарды біздің елімізбен таныстырады.

"Қазақстан өзінің табиғатымен, қонақжайлылығымен және дамуға деген ұмтылысымен терең әсер қалдырды. Мен бұл ел туралы Еуропада мүмкіндігінше көп адам білгенін қалаймын", – деді бельгиялық журналист Дерья Сойсал.

2018 жылы Kazakh Tourism Қазақстанға туристік бағыт ретінде халықаралық қызығушылықты арттыруға бағытталған "ҚР туризм елшісі" бағдарламасын қолға алғанын атап өткен жөн. Оған шетелдік туризм индустриясы, мәдениет пен білім саласының өкілдері, медиа және цифрлық кеңістіктегі мамандар қосылуда.

Бұған дейін құрметті миссияны Димаш Құдайберген, жапон блогері Юдзи Натсума және ҚХР инфлюенсері Таотао қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу