Бенинде мемлекеттік төңкеріс болды

207

Әскер елдегі билікті өз бақылауына алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС басылымына сілтеме жасап.

Бенинде мемлекеттік төңкеріс болды Фото: AP Photo/ Eraldo Peres

Бұл туралы Бенин мемлекеттік телерадиокорпорациясы мәлімдеді. 

Корпорацияның хабарлауынша, елдегі толық билік әскери комитеттің қолына өтті. Комитетті подполковник Тигри Паскаль басқарады. Әскер барлық мемлекеттік билік органдарының таратылғанын жариялады. Талонның қайда екені белгісіз.

Мемлекеттік төңкеріс Бенинде 2026 жылдың 12 сәуірінде өтуі тиіс президенттік сайлауға дайындық кезінде орын алды. Конституциялық сот екі кандидаттың қатысуын мақұлдады: мемлекеттік министр, экономика және қаржы министрі Ромуальд Ваданъи және бұрынғы мәдениет министрі (2015 – 2016) Поль Ункпе. Оппозиция лидерлері сайлауға жіберілмеді. Талон екі рет сайлауда жеңіп, үшінші мерзімге қайта түсе алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу