Бензин 3 жылда 15 теңгеге ғана қымбаттады

835

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев осылай мәлімдеп, бұл айтарлықтай қымбаттау емес деген байлам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бензин 3 жылда 15 теңгеге ғана қымбаттады

"Бензинге келетін болсақ, кеше бензиннің қымбаттағаны туралы ақпарат тарады. Мен соңғы 3 жылдағы статистиканы зерттедім. 2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 163-тен 177-178 теңгеге дейін өскен. Үш жыл ішінде 15 теңгеге қымбаттаған деген сөз. Бұл шамалы ғана өсу. Дегенмен кешегі мәлімет бізді алаңдатты. Себебі біз қазір бензин бағасының өсуіне негіз жоқ деп есептейміз. Себебі бензин қажетті мөлшерде өндіріліп, жөнелтіліп жатыр...", – деді министр үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. 

Мағзұм Мырзағалиевтің сөзінше, бензин бағасының көтерілуіне негіз жоқ. Министр авиакеросин тапшылығының ықтималдығына қатысты сұраққа да жауап берді. 

"Авиакеросин көлемі бойынша жағдай айтарлықтай тұрақты. Бізде оның қоры 37 мың тоннадан асады. Ай сайын 50 мың тонна тұтынып, шамамен 46 мың тонна авиакеросин өндіруді жоспарлап отырмыз. Сондықтан ешқандай мәселе туындамауға тиіс", – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу